Ислам туралы не білесің, бауырым?
Ислам туралы не білесің, бауырым?

- Ислам ол – Құранды Кәрімді жеті қабат матаға жақсылап орап, үйдің қабырғасына іліп қою. Анда-санда молданы үйіңе әкеліп әруақтарға Құран оқыту, сосын кетерде қолына 2000 мың теңге ұстатып шығарып салу. Ммм.. сосын Ислам деген жасың алпыстан или жетпістен асқан соң намаз оқу, егер денсаулығың нармалный болса ораза тұту. Одан кейін адам өлген кезде жаназа намазын оқуды да қосуға болады. А айтпақшы Ислам деген ең алдымен жүрегің таза болуы!


- Жауабыңа рахмет бауырым, бірақ сен өзіңнің басыңдағы Исламды айтуменен шын Исламның шекарасына да жуымадың. Енді мен саған шын Исламды түсіндіруге тырысып көрейің.

Біріншіден, Ислам деген ол жәй ғана дін емес. Ислам - үлкен өркениет, өмір, қарым-қатынас, руханият, сен және мен. Ислам сені қараңғылықтан жарыққа шығарады. Жай таппай жүрген жүрегіңді орнықтырады, көзіңді ашып, көкірегіңді оятады. Шын Исламды ұстаған адамның қалтасында бір теңге дүниесі болмаса да, басында баспанасы жоқ, аяқ киімі жыртық болса да оның жүзінен тек күлкі көресің. Күлкілі көрінетін шығар, бірақ сонда да ол өзін осы әлемнің патшасы сезінеді. 
Ислам – сен қабырғаға іліп қойған Құранды түсіріп, шүберегін шешіп, шамаңа қарап күнде оқу әрі соған амал қылу. Ислам – сен анда-санда үйіңе әкелетін молдадан дәріс алып, білім алу, көзіңді ашу. Ислам – сен 60-тан кейін оқиың деп жүрген намазыңды жасың балиғатқа жеткеннен кейін соңғы демің қалғанша күніне бес уақыт орындау. Ислам – өзің таза деп жүрген жүрегіңді аяғы іскенше намаз оқыған, көзі іскенше жылаған, сонда да "жүрегім күнаға толы" деген мұсылманның жүрегімен салыстыру және Алланы көп зікір ету арқылы жүрегіңді тазалау. Ислам – жылына отыз күн ораза тұту, ақшаң болса қажылыққа бару. Мал-дүниең көп болса зекет беру. 
Сен ойлама Ислам тек намаз және жиһадқа уағыздайтын шөлде туған бір дін деп. Жоқ. Ислам – өмірдің барлық тұстарының үйке-шүйкесіне дейін қамтыған.
Ислам – жұмақ аналар табанының астында дейді. Ислам - бесіктен бастап соңғы демің қалғанша білім алуға шақырады. Исламда адам тұрмақ шыбынға да залал тигізуден тияды. Исламда адал ақша тауып та, бауырыңның жүзіне бір күлімсіреу арқылы да сауап аласың. Ислам "Дінде зорлық жоқ" дейді. Исламмен жүргендер қиыншылық келгенде еш абыржымайды, ал байлық келсе ешқашан дандайсымайды. Исламда баланы қанша уақытқа дейін емізуден ел басқару, мемлекеттің халықаралық қанытастарын қалай жүргізуге дейін қарастырып қойған. 
Біз сөзбен айтқанда Ислам ол - Сен. Исламды тапқаның, өзіңді тапқаның...

 

Бурхан АбдулхакимБурхан Абдулхаким
9 жыл бұрын 5185
2 пікір
  • Алла разы болсын, оқып жанып денем түршігіп, қорқып кеттім, себебі бес уақыт намаз оқығанмен, Құранды көп оқымаймыз, дәріс алуға да уақыт жоқ, кейде мұсылман бола тұра пендешілікке салынып кетеміз, Аллам біздің жасаған құлшылығымызды қабыл етіп, біліп, білмей жасаған күналарымызды кешірсін. Бес уақыт намазды да қаза етіп қоямыз, бірақ сонда да Алладан үмітіміз бар, Алла Кең ғой. Иманымыз әлсіремесін.
    9 жыл бұрын
  • Иә, Ислам діні осындай... Тіпті, бұдан да артық.
    9 жыл бұрын
Блог туралы